Батыс Қазақстанда 27 жасөспірім қыз жүкті болып қалған

/
Батыс Қазақстанда 27 жасөспірім қыз жүкті болып қалған
istockphoto

Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмаған 27 қыз жүкті болып қалған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ерте жүкті болғандардың дені 17 жаста екенін айтты, деп хабарлайды "Мой город".

Жастайынан ана атанбақшы болған қыздардың төртеуі ғана ауылдық жерде тұрады екен. Қалғаны қалада.

Өткен жылы өңірде 65 қыз баланың аяғы ауыр болған. Былтыр кәмелетке толмағандар 11 сәбиді дүниеге әкелген. Биыл тоғыз қыз босанды. Ал 2023 жылы осындай сегіз жағдай тіркелген.

Дәрігерлер қыз баланың ерте жүкті болуы оның денсаулығына зиян екенін айтып, дабыл қағып отыр.

"Жалпы ерте жүктілік деп 13-18 жаста болатын жүктілікті айтады. Жасөспірімдердің жүктілігі, көбінесе 14 пен 17 жас аралығында кездеседі. Ерте жүктілік екі есе қауіп төндіреді: бұл болашақ ананың денсаулығына орасан зиян келтіреді, бұл баланың өзіне де қауіпті", - дейді ведомство.

Ерте жүкті болған қыздардың төртеуі түсік тастапты. Етегі ерте ашылған қыздар кейде ата-анасынан қорқып, ақ халатты жандардың қабылдауында болмай, түсік тастаудың түрлі жолын іздеп жатады, дейді дәрігерлер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары