Еңбек ауылында діни алауыздықты нәсихаттайтын әдебиеттерді таратумен айналысып келген 4 адамды ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.
Прокуратураның ақпаратынша, аталған тұлғалар ел аумағында тыйым салынған діни материал мен уағыз-насихатты әлеуметтік желілерде жариялап отырған.
"Күдікке ілінген тұлғалардың үй жайларына тінту барысында Қазақстан Республикасының аумағында діни алауыздықты қоздырушы ретінде таратуға тиым салынған материалдар тәркіленген.
Ағымдағы жылдың маусым айында Жамбыл аудандық сотымен жоғарыда көрсетілген тұлғалар ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып (діни алауыздықты қоздыру), әрқайсысына 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазалары тағайындалды", - делінген жазбада.
Сот үкімдері заңды күшіне енді.
Прокуратура органдары әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты насихаттайтын әдебиетті немесе өзге де ақпарат жеткiзгiштердi дайындағаны немесе таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеді.