Бас прокуратура «СК-Фармацияға» қатысты тергеу бастады

/
Бас прокуратура «СК-Фармацияға» қатысты тергеу бастады
istockphoto.com

Бұл туралы бұған дейін бірыңғай дәрі-дәрмек дистрибьюторына арыз жазған депутат Бақытжан Базарбек хабарлады, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Тергеу мынадай деректер бойынша жүргізілуде:

  • 166,4 млн теңгеге (310 мың доллар) жалған дәрі-дәрмек зерттеулері;
  • құны 36,7 млн теңге (68 мың доллар) болатын, бірақ іс жүзінде алынбаған жабдықты игеру;
  • дәрі-дәрмек сатып алу кезінде бюджетке 35,8 млрд теңге (66,7 млн доллар) көлемінде келтірілген ықтимал залал;
  • медициналық қолғаптардың бағасын көтеру және бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану – 5,3 млрд теңге (9,8 млн доллар).

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жүргізілген мемлекеттік аудит түрлі заңбұзушылықтарды, соның ішінде 741 млн теңге (1,4 млн доллар) көлемінде қаржылық бұзушылықтарды анықтады

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары