Ресейде 43 адам мінген ұшақ құлады, ешкім тірі қалмады

/
Ресейде 43 адам мінген ұшақ құлады, ешкім тірі қалмады
istockphoto.com

24 шілде таңертең «Ангара» әуе компаниясының Хабаровск – Благовещенск – Тында бағыты бойынша рейс жасаған «Ан-24» жолаушылар ұшағы радардан жоғалып кетті. Бес бала, алты экипаж мүшесін қоса алғанда бортта 43 адам болған, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесінің сынықтары Тында қаласынан 15 шақырым қашықтықта табылды. «Росавиацияның» Ми-8 тікұшағы «Ан-24» ұшағы құлаған болжамды аумақта өртеніп жатқан фюзеляжды байқаған.

«Құтқарушылар оқиға орнына бет алды», – деп хабарлады Ресейдің ТЖМ.

Әуе апатының мән-жайын қазір Ресейдің төтенше жағдайлар қызметтері анықтап жатыр. Ресейлік РИА Новости ақпарат агенттігінің мәліметінше, апат салдарынан ешкім тірі қалмаған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары