Дәрігерлерге шабуыл жасағандар 15 жылға дейін сотталады

/
Дәрігерлерге шабуыл жасағандар 15 жылға дейін сотталады
istockphoto.com

Үкімет медицина қызметкерлеріне жасалатын шабуылдар үшін берілетін жазаны қатаңдатуға бағытталған түзетулер әзірледі, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізіледі, онда екі түрлі жаза қарастырылған — бостандығын шектеу және бас бостандығынан айыру.

«Егер тіпті күш қолдану қаупі тіркелсе, бостандығын екі жылға дейін шектеу көзделген. Ал егер бір дәрігерге, медицина қызметкеріне күш қолдану орын алса — бұл екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы. Егер бұл төтенше жағдай кезінде болса — он жылға дейін. Ал егер шабуыл медицина қызметкерлері тобына қауіп төндірсе және ол бір немесе бірнеше адам тарапынан жасалса, он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», — деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Ол бұл шаралар қазақстандық медицина қызметкерлерін қорғау үшін жеткілікті әрі орынды екенін атап өтті. Түзетулерді парламентке қыркүйекте енгізеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары