Өзбекстанның Наманған облысында сиыр анасы мен баласын таптап кетті. Қорқынышты оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде кеңінен таралды, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.
Наманған облысы ІІБ мәліметінше, оқиға Янгикурган ауданында болған. Жергілікті тұрғындардың бірі өзіне тиесілі сиырларды бір учаскеден үйіне айдап бара жатқан. Сол кезде сиырлардың бірі үйдің жанында ойнап жүрген бір жастағы балаға тап берген. Баланы қорғамақ болған 36 жастағы анасын да сүзіп тастаған.
Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша бала жеңіл дене жарақаттарын, ал анасы орташа ауырлықтағы жарақаттар алған. Жәбірленушілер дәрігерлердің бақылауында болғаннан кейін үй жағдайында емдеуді жалғастыру үшін шығарылды.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары аталған факті бойынша тексеріс жүргізіп жатыр.