Қостанайда әйел адам пойыз астына түсе жаздады

/
Қостанайда әйел адам пойыз астына түсе жаздады
ҚТЖ

2023 жылғы 23 шілде, сағат 21:41-де Тобыл – Қостанай учаскесінде теміржолда қайғылы бола жаздады, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

«Астана – Орал» бағытындағы «Тальго» жолаушылар пойызының машинисі жолда жүрген әйелді байқап, шұғыл тежегіш басуға мәжбүр болған.

Алдын ала деректер бойынша, әйел мас күйінде теміржолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен және жақындап келе жатқан пойызға ешқандай реакция білдірмеген.

«Машинистің дер кезінде және кәсіби әрекетінің арқасында соқтығысуға жол берілмеді. Әйел зардап шеккен жоқ және полицияның желілік бөлімшесі қызметкерлеріне тапсырылды», – делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан пойыз 12 минутқа кешіккен, алайда учаскедегі қозғалыс жедел қалпына келтірілді.

ҚТЖ азаматтарды барынша сақ болуға және теміржол маңында жүру ережелерін сақтауға шақырады. Ұлттық компания теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өту, әсіресе мас күйінде, қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін еске салды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары