290 млн теңгенің әшекейін ұрлаған Қытай азаматы Алматы әуежайында ұсталды

/
290 млн теңгенің әшекейін ұрлаған Қытай азаматы Алматы әуежайында ұсталды
istockphoto.com

Алматы әуежайында 289 млн теңгенің әшекей бұйымдарын ұрлады деген күдікпен Қытай азаматы ұсталды, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Тергеу деректеріне сәйкес, өткен жылдың желтоқсан айында ол Бахрейн Корольдігіндегі жеке үйге кіріп, құны 535 629 АҚШ долларын (289 млн теңгеден астам) құрайтын әшекейлер коллекциясын ұрлап кеткен. Ер адам елден кетіп үлгерген, алайда оның қайда екені туралы жедел ақпарат Қазақстанға түскеннен кейін ІІМ қызметкерлері барлық қажетті шараларды қабылдады.

Тағы бір жағдай Түркияда әшкереленді. Кайсери қаласында жергілікті құқық қорғау органдары Қазақстан ІІМ-нің қолдауымен Әзербайжан Республикасының 40 жастағы азаматын ұстады. Ол 2017 жылдың қыркүйегінде Алматыда жасалған донорлық ағза сатып алу-сату жөніндегі заңсыз мәмілеге қатысы бар деп күдікке ілінген. Ер адам қылмыстық топ құрамында әрекет етіп, Қазақстан тарапынан алынған мәліметке сәйкес, схеманың қатысушыларының іс-әрекеттерін үйлестірген. Жедел іс-шаралар жүргізілгеннен кейін қазақстандық полицейлер түрік әріптестеріне күдіктіні анықтауға мүмкіндік берген деректерді ұсынды.

Екі іс те сотқа дейінгі тергеу сатысында. Әрқайсысына қатысты Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылуда.

Жалпы, 2025 жылғы шілде айының басынан бері Ішкі істер министрлігі қызметкерлері іздеуде болған 67 адамды ұстады. Сондай-ақ полицейлер хабар-ошарсыз кеткен 190 азаматтың тұрған жерін анықтады.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары