Алматыға табиғи газ жеткізетін компания 168 млн теңге жымқырған

/
Алматыға табиғи газ жеткізетін компания 168 млн теңге жымқырған
ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігі «Алматыгазсервис-Холдинг» Акционерлік қоғамының қаржысын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Агенттіктің ақпаратынша, аталған акционерлік қоғам өңірге табиғи газ жеткізумен айналысады.

«Тергеу материалдарына сай компания қызметкерлері есептегіш құрылғылардың көрсеткіштерін тіркеп, тұтынушылардан қолма-қол ақша жинаумен айналысқан. Жиналған қаражатты олар материалдық жауапты тұлғаларға тапсырған.

Алайда аталған жауапты тұлғалар жиналған қаражатты заңды түрде өткізудің орнына өз пайдаларына жаратып, төлем туралы ақпаратты «SymphonyGAS» жүйесінде жасырып келген.

 Осылайша, компанияның директоры, оның орынбасары, аға оператор және аға бақылаушы 2 жыл ішінде тұтынушылар төлеген 168 млн теңгені иемденген», - делінген ақпаратта.

 Сот санкциясымен күдіктілердің жалпы құны 165 млн теңге болатын мүлкіне (тұрғын үй, пәтер және автокөлік) тыйым салынды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары