Алматыда жасөспірімнің қалтасындағы пауэрбанк жарылып кеткен (ФОТО)

/
Алматыда жасөспірімнің қалтасындағы пауэрбанк жарылып кеткен (ФОТО)
istockphoto.com

Алматыда 16 жастағы жасөспірімнің қалтасындағы пауэрбангі кенеттен тұтанып, жарылып кеткен, деп хабарлады turkystan.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 15 шілдеде болған. Соның салдарынан ол ауыр күйік алып, ауруханаға жеткізілген.

Алматы қалалық балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы директорының орынбасары Курметбек Тоқтардың мәліметінше, бозбаланың қалтасындағы сымсыз қуаттағыш жарылып, отқа күйген.

«Жедел жәрдем бригадасы оны қабылдау бөліміне жеткізді. Дәрігерлер тексеру нәтижесінде денесінің 20 пайызын зақымданған ІІІ Б дәрежелі термиялық күйік диагнозын қойды», – деді ол.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты ауыр. Ол тиісті бөлімшеде ем алып жатыр.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті бұл оқиғаны растады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары