Жетісуда жедел жәрдем қызметкерлері ерлік жасады

/
Жетісуда жедел жәрдем қызметкерлері ерлік жасады
Ашық дереккөзден

Жетісу облысы Ескелді ауданында жедел жәрдем қызметкерлері өртеніп жатқан үйден адамдарды аман алып шыққан, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Ескелді ауданынан шыққан жедел жәрдем бригадасы — фельдшерлер Ғабит Ерғазы мен Дамира Рахимова, сондай-ақ жүргізуші Мұрат Сатеков — шақыртудан қайтып келе жатып, тұрғын үйдегі өртті байқайды.

Жүргізуші дабыл шамын қосып, фельдшерлер терезе мен есіктерді қаға бастайды. Алайда ешқандай жауап болмаған соң, тұрғындарды оятудың басқа амалын қарастырады.

Нәтижесінде олар жеті адамды, соның ішінде бір сәбиді құтқарып қалды. Құжаттарын жинауға көмектесіп, барлығын қауіпсіз жерге шығарып, көлікке дейін жеткізді.

Өкінішке қарай, үй толығымен жанып кеткен. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары