Төтенше жағдайлар министрлігі жұртшылыққа жер сілкінген кезде не істеу керектігі жөнінде кеңес берді, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.
Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам:
1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
- көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Айта кетейік, бүгін Астана уақытымен 15 сағат 37 минутта Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді. Эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай орналасқан.