Маңғыстауда мектептің төбесі опырылып түсті (ВИДЕО)

/
Маңғыстауда мектептің төбесі опырылып түсті (ВИДЕО)
istockphoto.com

Қарақия ауданының Мұнайлы ауылында мектеп төбесінің бір бөлігі опырылып түсті. Оқиға кезінде ғимарат ішінде ешкім болмаған, зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Оқиға 23 шілде күні таңғы сағат 6 шамасында болған. Алдын-ала мәлімет бойынша, шамамен 250 шаршы метр аумақ опырылып түскен. Аудандық білім бөлімі хабарлағандай, мектеп 2009 жылы салынған. Бүгінде бұл мектепте 1400-ден астам бала білім алады.

«Таңғы 6-да акт залының төбесінен бетон конструкцияның бөлігі құлап түсті. Зардап шеккендер жоқ. Қазір ғимаратқа тексеру жүргізілуде, техникалық сараптама жасалуда. Қорытынды шешімді техникалық бақылау мамандары дайындайды», – деп мәлімдеді Білім бөлімі.

Залал тек акт залының бір бөлігінде тіркелді, мектептің басқа бөлмелері, соның ішінде оқу кабинеттері бүлінбеген және жарамды жағдайда.

Олардың айтуынша, егер жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылына дейін аяқталмаса, оқушылар уақытша ауданның басқа мектептеріне бөлінеді.

«Ғимараттың кепілдік мерзімі аяқталған. Мектепке 16 жыл болды. Біз 1 қыркүйекке дейін барлық қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау үшін бар күшімізді саламыз», – деді Білім бөлімі.

Оқиға бойынша арнайы комиссия құрылды. Құлаудың себептері сарапшылардың ресми қорытындысы жарияланғаннан кейін белгілі болады.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары