Маңғыстау облысында жасөспірімдер жаппай төбелескен (ВИДЕО)

/
Маңғыстау облысында жасөспірімдер жаппай төбелескен (ВИДЕО)
скриншот

Маңғыстау облысы Құрық ауылында ондаған жасөспірім төбелес ұйымдастырыған, деп хабарлады turkystan.kz тілшісі.

Куәгерлер атысқа ұқсас дыбыстар мен қолдан жасалған пиротехникалық құралдардың жарылу дауысын естігенін хабарлады. Әлеуметтік желі қолданушылары жасөспірімдер арасындағы агрессияның күшеюіне және ересектер тарапынан бақылаудың жоқтығына алаңдаушылық білдіруде.

Полицияның мәліметінше, төбелес 22 шілде күні болған. Оқиға орнына тәртіп сақшылары жедел жеткен.

«Қақтығысқа қатысқан барлық жасөспірім анықталып, ата-аналарымен бірге ішкі істер бөліміне жеткізілді. Тексеру нәтижесінде ата-аналарға ҚР ӘҚБтК 127-бабы (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) және 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жасөспірімдердің барлығы профилактикалық есепке қойылды. Полиция қазіргі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын айтып, жастар арасындағы уличный төбелестердің артуына алаңдаушылық білдірді.

Тәртіп сақшылары ата-аналарға балалардың мінез-құлқын қадағалауды күшейтіп, олардың әрекеттері үшін заң алдында жауап беретінін ескертті.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары