Танымал әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдукәрімованың екінші қызы қоғам тарапынан айтылған сынды жүрекке жақын қабылдағанын айтып, жылап қалды, деп хабарлады turkystan.kz тілшісі.
Алау Қайратқызы көпшіліктен өзіне тиіспеуін өтініп, сұрады.
«Неге бұлай? Басқа елдің адамдары қолдау көрсетіп, шабыттанып, жүрек жылытатын сөздер жазады. Ал өз халқым маған өлім тілейді, балағаттап, жек көреді. Бұл – менің өмірім. Менің бетім. Менің стилім. Қандай болу керегін тек өзім шешемін. Сіздер мені шын мәнінде қандай екенімді білмейсіздер. Сіздердің көріп жүргендеріңіз жай ғана образ. Ал өмірде... мен мүлдем басқа адаммын», – деп жазады ол.
Алау жазбасының соңында ішкі күйзелісін жасыра алмай, жан айқайын жеткізеді.
Пікір қалдырғандардың көпшілігі бойжеткенді жұбатуға тырысып, мұндай жағымсыз пікірлерді жалғыздық пен бақытсыздықтан жапа шегіп жүрген адамдар жазатынын атап өтті.