Президент медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жазаны қатаңдатуды тапсырды

/
Президент медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жазаны қатаңдатуды тапсырды
Ақорда

Мемлекет басшысы медицина қызметкерлеріне шабуыл жасап, күш қолданып және қатыгездік танытқан әрекеттерге қатысты жазаны қатаңдату мақсатында ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізу туралы Парламент депутаттарының, денсаулық сақтау саласы өкілдерінің және белсенді азаматтардың ұсынысын қолдайды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады. 

Дәрігерлердің денсаулығына нұқсан келтіріп, өміріне қауіп төндіретін мұндай келеңсіздіктерге «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес құқықтық тұрғыда батыл түрде тосқауыл қойылуы керек.  

Президент Үкіметке тиісті заңнамалық түзетулер әзірлеуді тапсырды. Бұл бастама Парламентте азаматтық қоғам өкілдерімен бірге талқыланады.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары