Аталған ұсынысты әкімдік қалалық мәслихаттың қарауына жолдады, деп хабарлады turkystan.kz.
Krisha.kz хабарлауынша, Алматыда Қазақстанның танымал спортшысы Денис Теннің құрметіне көше атауы берілуі мүмкін. Қаладағы жеті аудан бойынша аты жоқ 156 көшеге жаңа атау беру жоспарланып отыр. Осыған байланысты әкімдік тиісті ұсынысты мәслихаттың қарауына жіберген.
Ұсынылған атаулар қатарында мәдениетке, өнер мен тарихқа үлес қосқан танымал тұлғалардың есімдері бар. Атап айтқанда, Бостандық ауданындағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілуі қарастырылған.
Еске салайық, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде кісі қолынан қаза тапқан.