Қостанай қаласының соты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қостанай тұрғыны 2025 жылғы 19 шілдеде Абай көшесінде жол жиегінде орналасқан клумбалардан гүлдерді жұлып алған.
«Ол өз әрекетімен айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзды. Сот отырысында ол кінәсін толық мойындап, кафеден мас күйінде қайтып келе жатқанын және не себепті ондай әрекетке барғанын түсіндіре алмайтынын айтты, алайда жасаған ісіне өкінетінін жеткізді», – деп хабарлады сот.
Сот оны ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.