Павлодар тұрғынын танысы өлтірген, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Алдын-ала мәлімет бойынша, 21 шілде түнгі уақытта Заслонов көшесіндегі үйдің кіреберісінде тұрмыстық жанжал кезінде болған. Ер адам бұрын таныс адамға пышақ жарақатын салған, салдарынан ол қайтыс болды. Аталған факті бойынша кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қылмыс жасады деген күдікпен ер адам анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.