«Барыс» хоккей клубында бас бапкердің міндетін уақытша ресейлік маман Евгений Королев атқарады, деп хабарлады turkystan.kz сайты.
«Өткен маусымда тіркелген төмен спорттық көрсеткіштерге байланысты негізгі команданың жаттықтырушылар құрамында өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.
Қазіргі уақытта «Барыс» клубының бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы болып Евгений Королев тағайындалды. Барлық тиісті рәсімдер аяқталғаннан кейін өзгерістерге қатысты толық ақпарат беріледі», – деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.