Алаяқ әлеуметтік желіде өзін белсенді түрде жарнамалай отырып, шетелден құрылыс материалдарын жеткізуде байланыстары бар екенін айтып, әлеуетті сатып алушыларды сендірген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мысалы, жәбірленушілердің біріне 6 млн теңгеден астам залал келтірілген, бұл қаражатты қылмыскер өз қалауы бойынша жұмсаған.
Оның қылмыстық әрекетінен барлығы 49 адам зардап шегіп, жалпы сомасы 82 млн теңгеден астам шығынға ұшыраған.
Сотта прокурорлар сотталушының өз міндеттемелерін орындауға нақты мүмкіндігі болмағанын, жеткізу шарттарын өзінің қылмыстық ниетін іске асыру мақсатында жасағанын, жымқырылған ақшалай қаражатты жеке мақсатта жұмсағанын дәлелдеді.
Сонымен қатар, сотталған адамосыған ұқсас алаяқтық фактілері үшін бұрын бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтегені анықталды.
Дәлелдемелердің бұлтартпас болуына байланысты сотталушы өз кінәсін толық мойындады.
Қылмыскер 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, жәбірленушілердің азаматтық талаптары толығымен қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енді.