Екі жасқа бата берген зейнеткер күлкіге қалды (ВИДЕО)

/
Екі жасқа бата берген зейнеткер күлкіге қалды (ВИДЕО)
скриншот

Әлеуметтік желіде екі жасқа бата берген әженің әзілі көпшілікті күлдірді, деп хабарлады turkystan.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Бейтаныс әжей құдағиымен қалжыңдасып, баласының атын сұраған.

«– Балаңның аты кім еді, құдағи?!

– Фарук…

– Елде жоқ атты қойыпсың. Суда жүзген қос аққудай болыңдар! Осы бақыттың бәрін тілеймін. Ішім толып қалған ғой. Бәрі шығып жатыр», – деп бата берді әже.

Желі қолданушылары әженің тілегіне қосылып, әзілін жылы қабылдап жатыр.

«Фарук деген өзбектің аты емес пе?!», «Қарияның тілегі қабыл болсын!», «Прикол ұстайтын әже екен», «Суда жүзіңдер дегенде Алакөлге шомылуға кетіп бара жатыр екен деп ойладық», «Жігіт психологиялық соққы алды-ау», «Бұл әже дүниеден өтіп кетті», «Жігітті бұлай ешкім қорламаған шығар», – деп жазды көпшілік.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары