Синоптиктер 23-25 шілде аралығында Астана мен Алматы қалаларында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Астанадағы ауа-райы
23 шілде күні елордада ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады: түнде 2-7 м/с, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +29...+31°C дейін жылы болады.
24 шілде күні синоптиктер ауыспалы бұлтты ауа райын болжайды. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады: түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +26...+28°C.
25 шілде күні ауыспалы бұлтты ауа райы сақталады. Күндіз өткінші жауын-шашын мен найзағай болуы ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан: түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C дейін көтеріледі.
Алматыдағы ауа-райы
23 шілде күні Алматыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз қатты ыстық +35...+37°C.
24 шілде күні мегаполисте ауыспалы бұлтты, өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +33...+35°C.
25 шілде күні қайтадан жауын-шашынсыз, ауыспалы бұлтты ауа райы болады. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз қатты ыстық +34...+36°C.