Ұлытау облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды

/
Ұлытау облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды
istockphoto.com

Жезқазған қалалық соты қаржылық пирамидасымен байланысты қызметті ұйымдастырып, 22 азаматқа жалпы сомасы 27 млн теңгеге шығын келтірген үшін қала тұрғынын кінәлі деп таныды.

2024 жылдың наурыз мен желтоқсан айлар аралығында ол компания кеңсесінде кездесулер өткізіп, жаңа қатысушыларды тіркеумен, компания жүйесінде аккаунттар құрумен және «Telegram» мессенджері арқылы үгіт материалдарын таратумен айналысқан.

Аталған қызмет азаматтарды электронды валютаға инвестиция салу және бонустар алу сылтауымен жүйеге тартуға бағытталған.

Сот үкімімен кінәлі адамға 5 жыл бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Прокуратура азаматтарға қырағы болуды, компаниялардың қаржылық қызметін және олардың тиісті лицензияларының болуын тексеруді, сондай-ақ қаржылық пирамидаларының белгілері бар схемаларға қатыспауды ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары