Президент Әкімшілігінің комиссиясы Алматы қаласындағы «Бағанашыл» балалар үйінде тексеріс бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Комиссия мүшелері тәрбиеленушілермен, мекеме басшылығымен және қызметкерлерімен, сондай-ақ білім беру өкілдерімен кездесті.
Тексеріс аясында Президент Әкімшілігінің өкілдері балалар үйіндегі тұрмыс және оқу жағдайларымен танысып, іргелес инфрақұрылым нысандарын қарап шықты.
Нақтылай кетсек, көшуге байланысты құжаттарды жинау мен талдау жүргізілуде. Комиссия жетім балалар үшін заңнамада көзделген барлық әлеуметтік және құқықтық кепілдіктердің сақталуына ерекше назар аударуда.
Тексеріс балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық бере отырып жүргізіледі деп уәде етілуде.