«Жүргізуші куәлігін жасап беремін»: Алаяқ Орал тұрғындарын алдап, 6,5 млн теңге алған

/
«Жүргізуші куәлігін жасап беремін»: Алаяқ Орал тұрғындарын алдап, 6,5 млн теңге алған
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі

Орал қаласының тұрғындары жүргізуші куәлігін жасап беремін деген алаяққа 6,5 миллион теңге беріп, сан соғып қалды. Алаяқ адамдардың сеніміне оңай кіріп, ақшаны алып, ізін суытқан, деп жазады turkystan.kz.

Оның әрекетінен 13 адам зардап шеккен. Келтірілген залал көлемі – 6,5 миллион теңге.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция алаяқты ұстады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ведомство өкілдері азаматтарға құжаттарды тек ресми жолмен рәсімдеуді ескертеді.

«Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Полиция азаматтарды мұқият болуға және құжаттарды тек ресми жолмен рәсімдеуге шақырады. Егер сізде осындай фактілер туралы ақпарат болса, дереу полицияға хабар берулеріңізді сұраймыз», – деді БҚО ПД ресми өкілі Нұржан Қуанғали.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары