Биржада доллар бағамы 4 теңгеге арзандады

/
Биржада доллар бағамы 4 теңгеге арзандады
istockphoto.com

21 шілдеде Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық нәтижесінде доллар бағамы 529,44 теңгені құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жұма күнінен бері ол 3,89 теңгеге төмендеді.

Қазақстандағы айырбастау пунктерінде валюталардың орташа бағамы келесідей:

доллар: сатып алу – 528-530 теңге, сату – 530,5-531,5 теңге;

еуро: сатып алу – 615-618 теңге, сату – 619-622 теңге;

рубль: сатып алу – 6,65-6,7 теңге, сату – 6,75-6,8 теңге.

ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстерінің бағасы бір баррель үшін 68,9 долларды құрайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары