Оралдық өрт сөндіруші әйгілі Жан-Клод Ван Даммның трюгін қайталады (ВИДЕО)

/
Оралдық өрт сөндіруші әйгілі Жан-Клод Ван Даммның трюгін қайталады (ВИДЕО)
ТЖМ

Оралдық өрт сөндіруші әйгілі актер Жан-Клод Ван Даммның трюгін қайталап, 2 өрт сөндіретін көліктің үстінде шпагатқа отырды, деп хабарлады turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде құтқарушының әрекеті таспаланған видео көпшілікті тәнті етті. Автор видеодағы іс-әрекетті кәсіби мамандар жасағанын және бұл қауіпті екенін, адамдар өз бетінше қайталауға болмайтынын ескертті.

“Бұл өрт сөндіру көлігі импорт емес. Бұл – инженерлеріміз бен жұмысшыларымыздың еңбегінің нәтижесі. Өзіміздің өндіріс. Қазақстанның көшелері мен жолдарына, өз құтқарушыларымыз үшін арнайы жасалған”, – делінген видео астындағы жазбада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары