«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі Қазақстан бойынша 2025 жылғы 22–24 шілдеге арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. 22 және 24 шілде күндері еліміздің батысында күшті жаңбыр, күндіз бұршақ, дауылды жел болуы мүмкін. Ал қалған аймақтарда жауын-шашынсыз аптапты ыстық ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұруы ықтимал. Түнгі және таңғы уақыттарда солтүстікте мен шығыста тұман күтіледі.
«22–23 шілде күндері Ақтөбе облысының оңтүстігінде күндіз өте қатты ыстық – 40 градус, Алматы облысының батысында, солтүстігінде және орталығында – 42 градусқа дейін ыстық болады деп болжануда. Еліміздің батысында күндізгі уақытта 35–39 градус, оңтүстік-батысында – 38–42 градус қатты ыстық күтіледі. 24 шілдеде Қостанай облысының оңтүстігінде – 35 градус, орталық аймақтарда – 35–38 градус, республиканың оңтүстігінде – 40–42 градус, оңтүстік-шығысында – 35–39 градус ыстық болады», – деп хабарлады «Қазгидромет».