Астанадағы Ботаникалық бақтың су тоғанына шомылған екі азаматты куәгер таспаға түсіріп алған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әлеуметтік желіде жарияланған роликті көрген көпшілік оларды қолдап жатыр.
«Керемет, әрқашан бала болып қалыңыздар», «Қоя салыңыздар, өз өмірлеріңізбен айналысыңыздар», «Шын көңілмен шомылып жатыр», «Бірақ ол жерде су тоқтап тұрады, денсаулықтарына зиян тимесе екен», «Өте жақсы, денсаулықтарыңа пайдалы», «Жарайсыңдар, шомыла берсін, осы қалада біреу бақытты болса, солар шығар», «Тегін ғой», «Өмірден барын алуда», - деп жазған жұрт.
Алайда елорда полициясы бұл жағдайға қатысты тексеріс жүргізіп жатыр.
«Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша көрсетілген тұлғаларға қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады», – деп хабарлады Есіл ауданының полиция басқармасы.