Алматыда жасөспірім пойыздың төбесіне шығып, тоққа түсіп қалған

/
Алматыда жасөспірім пойыздың төбесіне шығып, тоққа түсіп қалған
ҚТЖ

19 шілдеде Алматыда 15 жастағы жасөспірім вагон төбесіне шығып, электр тоғына түсіп қалған, деп хабарлады turkystan.kz.

ҚТЖ баспасөз қызметінің ақпаратынша, оқға сағат 18:55-те Алматы-2 станциясында болған.

«Кәмелетке толмаған баланың жерге жедел медициналық көмек бригадасы келіп, көмек көрсетті. Жасөспірімнің денесін күйік шалған.

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жолы қауіптілігі жоғары аймақ екенін еске салады. Жолға шығып кету, сондай-ақ жылжымалы құрамға жақын кез-келген әрекет адам өмірі мен денсаулығына ауыр зардаптар әкелуі мүмкін», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары