Теннисші Александр Бублик Швейцариядағы турнирде жеңіске жетті

/
Теннисші Александр Бублик Швейцариядағы турнирде жеңіске жетті
Olympic.kz

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Швейрацияның Гштаад қаласында өткен топырақты корттағы ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады turkystan.kz.

Отандасымыз ақтық сында аргентиналық Хуан Мануэль Серундоломен өзара мықтыны анықтады.

2 сағат 7 минутқа созылған бәсекеде Бублик 13 эйспен бірге 14 брейк-пойнттың төртеуін өз еншісіне жазды. Осылайша, 6:4, 4:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары