Астанада жас жігіт Есіл өзеніне батып кете жаздады

/
Астанада жас жігіт Есіл өзеніне батып кете жаздады
istockphoto.com

ТЖМ әскери қызметкерлері қайғылы оқиғаның алдын алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілген рейдтік іс-шара кезінде Мартбек Мамраев атындағы №52859 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері – сержант Владислав Ярилин мен кіші сержант Қасымхан Қошқар Есіл өзеніне батып бара жатқан ер адамды байқап қалған. Ол шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен.

Әскери қызметкерлердің жедел әрекеттерінің арқасында 1992 жылы туған азамат судан шығарылып, жағаға жеткізілді. Оған медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ ескертеді: тыйым салынған жерлерде шомылу өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары