Қызылордада экс-прокурор сотталды

/
Қызылордада экс-прокурор сотталды
istockphoto.com

Қызылордада Сәтбаев қаласының бұрынғы прокуроры сотталды. Ол танысынан 1,5 миллион теңге алып, қылмыстық істі «шешіп беремін» деп уәде бергені үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот мәліметінше, 1 сәуір күні бұрынғы прокурор Қызылордада қылмыстық іс бойынша тергеліп жатқан ер адаммен кездескен. Ол тергеуді тоқтатуға көмектесе алатынын айтып, ақшаны пара ретінде өзі арқылы беруді ұсынған.

Келесі күні Желтоксан көшесінде ол 2 миллион теңге талап етіп, жәбірленуші соның 1 миллионын аударған. Кейін бұрынғы прокурор тағы 500 мың теңге сұрап, оны басқа есепшотқа аудартқан.

Сотта ол кінәсін мойындады. Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен бұрынғы прокурор 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Оған мемлекеттік қызметте, судьялар құрамында, Ұлттық банкте және басқа да мемлекеттік органдарда жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды.

Апелляция көмектеспеді — үкім өзгеріссіз қалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары