«Шығын — 10 млрд теңге»: Елге 100 контейнер тауарды заңсыз кіргізгендер сотталды

/
«Шығын — 10 млрд теңге»: Елге 100 контейнер тауарды заңсыз кіргізгендер сотталды
istockphoto.com

«Group of the Companies TDA» ЖШС уәкілетті экономикалық оператор мәртебесіне ие бола отырып, Қытайдан 100-ден астам контейнерді елге заңсыз жолмен елімізге кіргізген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олардың бақылауындағы 10 жауапкершілігі шектеулі серіктестік арқылы жалған шот-фактуралар жазылған.

Мемлекетке келтірілген залал (қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы және кедендік төлемдер бойынша) 10 млрд теңгені құрады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекет бюджетіне 643 млн теңге өндіріп алынды.

Сот санкциясымен: жалпы құны 1,3 млрд теңге болатын тауарларға, күдіктілерге тиесілі 300 млн теңге сомасындағы мүлікке (жер телімдері, автокөліктер, багги көліктері, жылжымалы шатырлар және т.б.) шектеу қойылды.

Бұған қоса, аталған компаниямен байланыста болған 47 серіктес кәсіпорын өз еркімен өзара есеп айырысуды тоқтатып, бюджетке 240 млн теңге салық төлеген.

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотының үкімімен кінәлі тұлғалар мүлкін тәркілей отырып, 1 жыл 4 айдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сонымен қатар, іске қатысы бар бір адамға халықаралық іздеу жарияланды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары