Елімізге танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова желіде жаңа бейнежазба жариялады. Ол бейнежазба арқылы өзінің жүрегі жаралы екенін жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Кешірші десең де, жүрек бұрынғыдай соқпайды. Жара жазылса да, ізі қалады. Жүрек бәрін ұмыта алмайды. Себебі ол енді бұрынғы емес. Кімге таныс жағдай», – деп жазды ол.
Өнер иесінің оқырманы оған «ажыраспаған болсаң, халықты мазақ қылма» деп ескерту жасады. «Мөлдір, егер сен хайп жасасаң, халықты мазақ етсең — онда сен алаяқтар қатарына қосыласың. Елді өзіме қаратамын деп мазақтауға болмайды. Халық — саған ойыншық емес, айналайын. Әрине, ажыраспағаның жақсы, бірақ халық сенімен өштесіп алуы мүмкін. Дәл қазір сенің сөзіңді сөйлеп, аямай лайк басып, қолдап жүрміз. Алайда алаяқтыққа жол берме. Кейбір адамдар «Сені хайп жасап жүр» деп айтып жатыр. Олай жасама, ол — алаяқтық. Ол жеген наның арам болады. Сенің бес балаң бар, арам нан жегізбе. Лайым, балаларың нанды адалынан жесін деп тілектеспін. Олар әлі кішкентай, өмірлері алда. Хайп деген — жаман нәрсе. Харам», – дейді оқырман.
Мөлдір Мұқанова бұл пікірге «Ешқандай да хайп емес!» деп жауап қатты.