Бүгін 6 жылға сотталған экс-дипломат Сәкен Мамаштың бұрынғы жұбайы Карина Мамаш сот біткеннен кейін журналистерге сұхбат берді, деп жазады turkystan.kz.
«Біздің отбасымызды менің анам мен апам бұзды деген сөз көп айтылды. Бірақ шын мәнінде біздің отбасымызды оның туыстары бұзды. Өйткені ол бүкіл отбасылық өмірімізде тек солардың айтқанын тыңдады», – деді Карина Мамаш.
Ол сондай-ақ үлде мен бүлдеге оранбағанын, ақша мен алтынға көмілмегенін, тек таяқ жеумен болғанын жеткізді.