Көкжайлау шатқалында 6 турист жоғалып кеткен

/
Көкжайлау шатқалында 6 турист жоғалып кеткен
112

Іле Алатауының Көкжайлау шатқалында жолдан адасып кеткен алты турист, оның ішінде екі жасөспірім Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушыларының көмегімен аман-есен табылды, деп хабарлады turkystan.kz.

ТЖМ мәліметінше, туристер кешкі уақытта Казачка өзені аңғары маңында бағытынан жаңылған. Құтқарушылармен байланыс үзілмеген, геолокация арқылы олардың нақты орналасқан жері анықталған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ-нің Республикалық жедел-құтқару жасағы жұмылдырылды. Қараңғы түскен уақытта таулы аймақпен қозғалу қауіпіне қарамастан, құтқарушылар туристерді тауып, оларды ұйымдасқан түрде қалаға қарай жеткізді.

Зардап шеккендер жоқ, ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Құтқару операциясы ТЖМ мамандарының кәсіби және үйлесімді әрекетінің арқасында сәтті аяқталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары