«Мазам қашты»: Әнші Асхат Тарғын қиын жағдайға тап болғанын мәлімдеді

/
«Мазам қашты»: Әнші Асхат Тарғын қиын жағдайға тап болғанын мәлімдеді
istockphoto

Әнші Асхат Тарғын шығармашылығын ысырып қойып, құрылыс компаниясымен айқасуға кіріскен. Өнер жұлдызының үйінің маңайынан тұрғын үй кешені салына бастағалы мазасы қашқан. Өйткені күніне әрлі-берлі жүз рет өтетін жүк көлігі көтерген шаңнан көршілерімен қоса тұншығып отыр, деп хабарлайды turkystan.kz КТК-ға сілтеме жасап.

«Шаңнан көз ашпай отырмыз» деген әнші құрылысқа жауаптылардың қандай да бір шара қолдануын сұрайды. Ал ондағылар сәл шыдасаңдар, жолға асфальт төсеп береміз деген.

Өнер жұлдызы осыдан екі жыл бұрын Бесағаш ауылына үй салып, қоныс аударған. Қаланың шуынан қашып, тау етегіндегі тыныш жерге көшіп келдім бе дегенде, бұл жақта да тұрғын үй кешенінің құрылысы басталыпты.

«Buta Group компаниясы үй  салғаннан бері үлкен бір проблема болып тұр. Өйткені ешқандай жұмысы талапқа сай емес. Көшемізді бүлдірді. Шаң үйге кіріп жатыр, тереземізді аша алмаймыз. Көріп тұрсыздар, жүк көлігінен шыққан шаңды. Күніне осы жерден 90 КамАЗ өтеді, мазамыз қашты. Таңғы жетіден басталады, ұйқы жоқ. Алдында сенбі, жексенбіде де жұмыс істеді», - дейді Асхат Тарғын.

Ең сорақысы, құрылыстың кесірінен мұндағы үйлердің сырты опырылып жатыр.  

Тұрғындар кешен құрылысына бір емес, бірнеше компания жауапты дейді. Солардың бірінің айтуынша, түнде жасалынатын құрылысқа мердігер компания жауапты. Ал жол мәселесін жақын арада шешеміз отыр.

«Біз бұл жолды қалпына келтіру мәселесін толық қолға аламыз. Су құбырларын да тартуды өз жауапкершілігімізге аламыз. Жолға талапқа сай, ыстық асфальт төсейміз және құрылыс кезінде оны күтіп ұстаймыз. Келісімшарт бойынша құрылысты 2027 жылдың ортасында аяқтауымыз қажет», - деп түсіндірді Buta Group ЖШС өкілі Ермек Саурықбаев.

Дегенмен құрылыс компаниясы мұнда не салынып жатқанын ашып айтпады. «Көпқабатты тұрғын үйлер болады» деген ақпаратты жоққа шығарды. Ал әкімдіктегілер құрылысқа рұқсат бар, ғимараттар арасында қашықтық пен барлық санитария ережелер сақталған дейді. Дегенмен тұрғындар бүлінген үйлерінің шығынын кімнің өтеп беретінін түсінбей дал. Жолдың жыры мен түнімен тоқтатамайтын құрылысты әкімдік қадағаласа екен дейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары