Бүгін «Ақтөбе» жәні «Ордабасы» футбол клубтары өз алаңында бірінші кезеңдегі қарсыластарымен қарымта кездесу өткізді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Ақтөбе» командасы Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде польшалық «Легиядан» екі матч қорытындысы бойынша жеңіліп, турнирден шығып қалды. Қарымта матч Ақтөбеде өтті, онда алаң иелері белсенді ойын көрсеткенімен, есепті теңестіре алмай, 0:1 есебімен жеңілді. Дегенмен, ақтөбеліктер еуромаусымды жалғастырады — олар Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде чехиялық «Спартамен» кездеседі.
Ал Шымкенттің «Ордабасы» командасы Конференция лигасынан бірден алғашқы кезеңде шығып қалды. Өз алаңында грузиялық «Торпедомен» 1:1 есебімен тең ойнағанына қарамастан, алғашқы ойындағы жеңіліс нәтижесінде келесі кезеңге өте алмады.