Павлодар облысында карантин енгізіледі

/
Павлодар облысында карантин енгізіледі
istockphoto.com

Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы облыс аумағында қарағайдың қара мұртты қоңызына байланысты карантиндік аймақ белгілеуді жоспарлап отыр. Бұл туралы turkystan.kz сайты pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Бұл қадам ағаштарды аурудан және зиянкестерден қорғау, сондай-ақ өсімдіктер мен өсімдік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолға алынып жатыр. Қоңыздың көбейіп кетуі ағаш сапасының төмендеуіне, тіпті жойылуына әкелуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, бұл қоңыздың өзі де, оның дернәсілдері де ағашты әлсіретіп, ішкі құрылымын бұзады. Сонымен қатар, олар ағашта көгілдір дақтар (саңырауқұлақ инфекциясы) тудыратын ауруларды таратады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары