16 шілде күні 3Б шағынауданындағы 16-үйдің қарсысында жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлады turkystan.kz.
Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісі жол бойында жүрген мүгедектер арбасындағы адамдарды қағып кеткен.
Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК 595-бабының 1-бөлігі (маневр жасау ережесін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған баптың санкциясы 5 АЕК (19 660 теңге) көлемінде айыппұл қарастырады.
Полицияның мәліметінше, жәбірленуші мүгедектігі бар азаматтар ешқандай шағымданудан бас тартқан.