Астанада теннистен Қазақстан чемпионаты өтеді

/
Астанада теннистен Қазақстан чемпионаты өтеді
istockphoto.com

21-26 шілде аралығында Астана қаласындағы Beeline Arena теннис орталығында ересектер арасында Қазақстан жазғы чемпионаты өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алты күнге созылатын додаға тәжірибелі ойыншылармен бірге жастар да қатысады. ATP әлемдік рейтингісінде 911-орында тұрған 17 жастағы Амир Омархановқа жанкүйерлердің назары ерекше. Жас теннисшінің халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетіп келе жатқаны белгілі.

Қатысушылар арасында Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Жібек Құламбаева (№300 WTA), сондай-ақ кейінгі кезде айрықша көзге түсіп жүрген Сандуғаш Кенжебаева (№975 WTA) және Аружан Сағындықова (№1050 WTA) бар.

Ерлер арасында Омархановтан басқа кәсіби деңгейде тәжірибе жинап үлгерген Григорий Ломакинді (№862 ATP) айтуға болады.

Турнир барысында жаңа есімдердің шығып қалуы да әбден ықтимал.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары