Бишімбаевтың туысы рақымшылық сұрап өтініш берді

/
Бишімбаевтың туысы рақымшылық сұрап өтініш берді
Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған  Бақытжан Байжанов рақымшылық жасау туралы өтініш түсірді, деп хабарлады turkystan.kz сайты.

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты жасырын ақпаратты жасыру ісі бойынша сотталған Байжанов рақымшылыққа ілігіп, мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін. Оның жаза мерзімі үштен біріне, шамамен сегіз айға қысқаруы ықтимал. Бұдан бөлек, Бақытжан Байжанов шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға да құқылы.

«9 шілдеде Степногор аудандық сотына Бақытжан Байжанов рақымшылық туралы заңға сәйкес жаза мерзімін қысқарту туралы өтінішпен жүгінді. Бұл өтініштің қашан қаралатыны әлі белгісіз», – деп мәлімдеді Жоғарғы сот.

Еске салсақ, былтыр 13 мамырда Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сол күні Қуандық Бишімбаев жұбайы Салтанат Нүкенованы азаптап, аса қатыгездікпен өлтіргені үшін 24 жылға сотталды.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары