Әншілердің өнерін ым-ишарамен жеткізетін қыз жұртты тәнті етті

/
Әншілердің өнерін ым-ишарамен жеткізетін қыз жұртты тәнті етті
видеодан скриншот

Айдана Жапарова — Қазақстандағы бірінші «кәсіби ымдау тілі» аудармашысы. Ол әншілердің әндерін ым-ишарамен жеткізеді.

Айдана – Қарағанды қаласының тумасы. Жасы — 31-де. Ымдау тілін бала кезінен біледі, бұған себеп – өзі де естімейтін ата-ананың отбасында өскен.

2015 жылдан бастап ән айтып, әлеуметтік желілерге жүктей бастады. Алғаш рет бір жыл бұрын әнші Dequine-пен бірге өнер көрсеткен. Осыдан кейін оны көптеген әртістер қолдай бастады.

Айдана музыканы «көрінетін» етеді — ол ым арқылы тек сөздерді ғана емес, эмоцияны, ырғақты, көңіл-күйді де жеткізеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары