Қанды оқиға 15 шілде күні кешкісін Қарабалық ауылында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полиция мәліметінше, қайғылы оқиға отбасылық жанжал салдарынан болған болуы мүмкін. 39 жастағы және 74 жастағы екі әйел қаза тапқан. Олар 45 жастағы күдіктімен бір үйде тұрған. Марқұмдардың денесінен пышақ жарақаттары табылған.
«Аталған факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарабалық кентінің 45 жастағы тұрғыны анықталып, қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды, оқиғаның себептері мен барлық мән-жайлары анықталуда», – деп хабарлады Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, қаза тапқан әйелдер – күдіктінің әйелі мен енесі болуы мүмкін. 39 жастағы әйелдің артында кәмелетке толмаған балалары қалған.