Қазақстандық дзюдошылар Моңғолиядағы жарыста бақ сынайды

/
Қазақстандық дзюдошылар Моңғолиядағы жарыста бақ сынайды
Olympic.kz

25-27 шілдесі аралығында Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында дзюдодан кезекті Гранд-Слэм турнирі өтеді.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметінше, бұл дүбірлі додада Қазақстанның намысын 8 дзюдошы қорғайды.

Ерлер құрамасы:

  • 60 кг – Талғат Орынбасар
  • 60 кг – Нұрәділ Әлжан
  • 66 кг – Ержан Еренғайыпов
  • 66 кг – Бауыржан Нарбаев
  • 73 кг – Саят Сейтқалиев
  • 81 кг – Мейіржан Жұмабек
  • 90 кг – Ермахан Ануарбеков

Қыздар құрамасынан жарысқа жалғыз спортшы – Толғанай Әбеуова (-52 кг) қатысады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары