Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов қыздарына қандай тыйым салғаны белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Қабатов қыздарының құлағын тек сырға салу рәсімінде ғана тестіруге рұқсат беретінін айтқан. Бұл туралы танымал әзілкештің қыздары Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты.
"Құдалар келіп өздері сырға салады. Бұл дәстүр қазақта бар ма, жоқ па білмейміз. Тұрсынбек бабамыз шығарған", деп ойын айтты Мөлдір Мұқанова.
Оның бұл шешіміне қыздары да қарсы емес – бәрі әкелерінің сөзін құрметтеп, бүгінге дейін құлақ теспей жүрген көрінеді.
Алайда, желі қолданушылары мұндай тыйымды дәстүрімізде жоқ екенін айтты, түрлі қарсы пікір жазуда.
"Тұрсынбек қызық екен қайдан тапқан ондай ырымды, "Папаларыңа ақыл айтатын адам керек екен", Одан да кеудені жабуды үйретсін", деп жазған оқырмандар.