Әзербайжанның Сумғайыт апелляциялық сотында өз жұбайын өлтірді деп айыпталған Гусейн Кязымовқа қатысты үкімге шағым беру ісі бойынша сот отырысы аяқталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Oxu.Az порталы мәлімдегендей, судья Рашадат Агаевтың төрағалығымен өткен процесте апелляциялық шағым қанағаттандырылмағаны жария етілді.
Еске сала кетсек, Сумғайыттың ауыр қылмыстар жөніндегі сотының үкімімен Г. Кязымов 16 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған болатын.
Айта кетейік, Әбшерон аудандық прокуратурасының таратқан мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың 23 шілдесі күні сағат 07:00 шамасында Хырдалан қаласындағы көпқабатты үйден Айшан Кязымованың (2002 ж.т.) құлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
Тергеу барысында Г. Кязымовтың (2002 ж.т.) жанжал кезінде әйелін пәтер терезесінен лақтырып жібергені жөнінде негізді күдік туындаған. Нәтижесінде А. Кязымова ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілгенімен, сол жерде көз жұмған.
Г. Кязымов қамауға алынған.