Қазақстандық шахматшы Парижде әйгілі Dior брендіне модель болды

/
Қазақстандық шахматшы Парижде әйгілі Dior брендіне модель болды

Астана шахмат клубының тәрбиеленушісі, 17 жастағы Торежан Сейдолла тек спорт әлемінде ғана емес, сән индустриясында да шынайы сенсацияға айналды, деп хабарлады turkystan.kz.

Орталық шахмат клубының баспасөз қызметінің мәліметінше, жас қазақстандық Париждегі ерлер сән апталығына қатысып, әйгілі Dior бренді атынан подиумға шыққан.

Алайда жетістіктері мұнымен шектелмейді – Торежан әлемдегі ең ірі модельдік агенттіктердің бірі – IMG Models-пен келісімшартқа отырған.

«Ол IMG Models агенттігімен келісімшартқа отырды – бұл жаһандық деңгейдегі жетекші агенттік! Модельдік мансаптағы жетістіктеріне қарамастан, Торежан шахматты ұмытқан жоқ: қаңтарда 3-інші разрядты орындап, ақпанда 2-інші разрядты алды. Бос уақыт табылған сәтте, ол шахматқа қайта оралуға ниетті», – дейді клуб өкілдері.

Торежан Сейдолла — өнер мен ақыл-ойды үйлестіре білген жаңа буын өкілі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары